24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Су нысандарына өту үшін төлем алу заңды ма

|
Photo: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Су нысандарына өту үшін төлем алу заңды ма

|
Photo: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Әрбір азамат су айдындарын демалу, серуендеу, шомылу немесе әуесқой балық аулау үшін еркін пайдалана алады, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Егер заңда нақты көрсетілмесе, онда қоршау, шлагбаум немесе «өтуге тыйым салынады» деген белгі қойып, азаматтардың жағалауға өтуіне ешкім кедергі жасай алмайды.

Мемлекет тек ерекше жағдайларда ғана жағалауға кіруді уақытша шектеуі мүмкін. Мысалы, халық денсаулығын қорғау және қауіпсіздік мақсатында, табиғатты сақтау үшін немесе су аз жылдары. Бірақ мұндай ақпарат міндетті түрде БАҚ арқылы, мемлекеттік органдардың сайттарында жариялануы тиіс және жағалаудағы арнайы белгілер арқылы көрсетіледі.

Заң су қорғау аймақтарында күрделі ғимараттар мен құрылысжайлар салмай, балалар ойын және спорт алаңдары, жағажайлар, аквапарктер және басқа да демалыс орындарын орнатып, пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпкер өзіне берілген учаскені қоршауға құқылы, алайда қоршау азаматтардың су айдынына еркін өтуін шектемеуі тиіс.

Егер су айдыны қоршалып, жағалауға өту мүмкін болмаса, жер пайдаланушы азаматтардың еркін өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Ақы тек жағажай немесе демалыс аймағы көрсететін қызмет үшін ғана алынуы мүмкін. Ал су жағасына өту үшін ақы алу – заңсыз.

Су айдындарының маңында көлік жууға, жанармай немесе химиялық заттарды сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны ластайтын кез келген әрекетке тыйым салынатынын еске сақтаған дұрыс.

Ортақ су айдындары барлығына қолжетімді болуы керек.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗