Астанада «Mamma Mia!» спектаклі өтеді

Бүгін, 13:12
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада «Mamma Mia!» спектаклі өтеді
Фото: ШҚО Драма және оперетта театры

ШҚО Драма және оперетта театры Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында музыкалық «Mamma Mia!» спектаклін қояды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Театрдың оперетта труппасы небәрі екі жыл бұрын құрылған. Осы қысқа уақыт ішінде жергілікті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ұжымға айналды. Енді шығармашылық ұжым өз өнерін елорда көрерменіне алғаш рет ұсынбақ.

Қойылымға театрдың жетекші солистері, хор, балет және симфониялық оркестр қатысып, сахнада кең ауқымды әрі әсерлі музыкалық көрініс жасайды.

Спектакльдің негізін әлемге әйгілі ABBA тобының хит әндері құрайды. Жанды музыка, шынайы эмоция және ерекше сахналық шешімдер көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайды.

«Mamma Mia!» — махаббат пен өмір қуанышын дәріптейтін, көрерменді жарқын сезімге бөлейтін әсерлі қойылым.

Спектакль 17 сәуір күні Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында сағат 18:00-де басталады.