ШҚО-да балықтың шығу тегі туралы құжатты заңсыз талап ету кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Бүгін, 14:36
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
ШҚО-да балықтың шығу тегі туралы құжатты заңсыз талап ету кәсіпорын жұмысын тоқтатты
Фото: freepik.com

Жыл басынан бері прокурорлық шаралар нәтижесінде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалды, бизнеске қатысты 2 жүйелі мәселе шешілді және 11 инвесторға қолдау көрсетілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша 2 лауазымды тұлға жауапкершіліке тартылды.

Бизнеспен ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің қатысуымен 42 кездесу өткізді.

Соңғы мысалдардың бірі – «Алтайская Форель» ЖШС-не қатысты жағдай.

Кәсіпкерге балықты тасымалдау үшін қажетті ветеринарлық анықтама бірнеше рет берілмей келген.

Бұған себеп – заңнамада көзделмеген, балықтың шығу тегі туралы құжатты талап ету болған. Бұл талап кәсіпорын жұмысының тоқтауына әкелген.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді — анықтама берілді.

Бұған дейін отандық кәсіпорындар балықтың 50 түрін экспорттайтынын жаздық.