Сподаренко Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесін иеленді

13 қараша, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Сподаренко Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесін иеленді
ҰОК

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05.

Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.