Сот жүйесінің жаңа архитектурасы: кассациялық соттар құрылды

Бүгін, 12:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Сот жүйесінің жаңа архитектурасы: кассациялық соттар құрылды
Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында Жоғары Сот Кеңесінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары ұсынылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанованың айтуынша, өткен жылдың негізгі бағыты – судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайту және кадрлық құрамды сапалы жаңарту болды.

«2025 жылғы 1 шілдеден бастап Астана қаласында үш дербес өңіраралық кассациялық сот өз жұмысын бастады. Бұл сот жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастыру үдерісінің аяқталғанын білдіреді. Мұндай құрылымдық өзгерістер тәжірибелі әрі кәсіби мамандарды іріктеу мен бағалаудың заманауи тетіктерін талап етті. Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесінің рөлі де айтарлықтай күшейіп, ол судья кадрларын басқарудың бірыңғай орталығына айналды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.