02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Роман Скляр киік популяциясын тұрақты басқару мәселелері бойынша кеңес өткізді

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Роман Скляр киік популяциясын тұрақты басқару мәселелері бойынша кеңес өткізді

|
Photo: freepik.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен киіктер популяциясын тұрақты басқару бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындылары тыңдалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Кеңесте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.

Экология министрлігінің деректері бойынша Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге жетті – 4 млн дарақ, сондай-ақ төлдеуден кейін шамамен 5 млн дарақты құрайды. Осындай қарқынды өсуді ескере отырып, уәкілетті органдар Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме негізінде ауыл шаруашылығына зиян келтірмеу және экожүйелік тепе-теңдікті сақтау үшін жануарлар санын тұрақты басқару бойынша іс-шаралар жүргізді.

«Осы жылы 1 шілдеден 30 қарашаға дейін 196 мыңға жуық дарақ тәркіленді, ұшалары отандық ет өңдеу кәсіпорындарына берілді. Жұмыстар ғылыми ұсынымдарға сәйкес қатаң түрде жүргізілді», - делінген хабарламада. 

Дериваттарды есепке алуға және сақтауға ерекше назар аударылады. Киіктердің барлық мүйіздері ескеріліп, таңбаланып, Министрлікке ведомстволық бағынысты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ұйымында күшейтілген күзет және мамандандырылған инфрақұрылым жағдайларында сақталады.

Дериваттарды цифрлық таңбалау және халықаралық реттеу мәселелері жеке қаралды. «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп толық қадағалауды және заңды айналымды қамтамасыз ететін киік мүйіздерін таңбалау жобасы жүзеге асырылуда. Ұсынылған жүйе CITES Халықаралық конференциясында қолдау тапты және қазақстандық дериваттардың экспортына шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау үшін негіз ретінде қарастырылады.

Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ CITES шешімдерін ескере отырып, дериваттардың таңбалануы мен айналымы жөніндегі нормативтік базаны қалыптастыруды аяқтауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗