Робот-ит, фотокабиналар және 3D-ойын: Астана учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

Бүгін, 18:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Робот-ит, фотокабиналар және 3D-ойын: Астана учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды
Фото: видеодан скриншот/ ұйымдастырушылардан

Бүгін елорданың сайлау учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Учаскелердің бірінде робот-итпен келген адам сайлаушылардың назарын аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сондай-ақ Құрылтай логотипі бар фотосурет түсіріп, оны бірден басып шығаруға мүмкіндік беретін фотокабиналар жұмыс істеді. Бұдан бөлек, компьютерлік 3D-ойын таныстырылды.