Астанада сайлау күні филармония әртістері концерт қойды
Бүгін Астанада Құрылтай депутаттарын сайлау күніне орай Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
Өнерпаздар тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, маңызды күнге орай өнерін көрсетті.

Филармония әртісі Айдын Жұмабаевтың айтуынша, өнер адамдары да ел өміріндегі маңызды шарадан шет қалмай, үлесін қосуды мақсат еткен.
«Бүгін еліміз үшін тарихи әрі өте маңызды күн. Сондықтан барша азаматтарды дауыс беруге шақырамыз! Біз, өнер адамдары, бұл шарадан шет қалмай, өз үлесімізді қосып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлағымыз келді», – деді Айдын Жұмабаев.
Концерт барысында филармония әртістері патриоттық және танымал шығармаларды орындап, сайлау учаскелеріне келген тұрғындарға өнерін паш етті.

