Қызылорда облысында биыл 28 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды
Сыр өңірінде экономиканың барлық саласында 2022-2024 жылдары 80 742 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 2025 жылдың 11 айында 27 964 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы 2022-2024 жылдары 42 пайыз артығымен орындалып, 37 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биыл 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жоспар 12,9 пайыз артығымен орындалды.
2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 100-ден астам елді мекенде 6 млрд 828 млн теңгеге 943 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 1 303 жұмыс орны құрылды», - деді Н.Нәлібаев.

Аймақта жұмыссыздық көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді.
Атап айтсақ, 2022 жылы 4,9%, 2023 жылы 4,9%, 2024 жылы 4,8%, 2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен 4,6% болды.
Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі өңірге 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылғанын айтқан болатын.