Қытайға астық экспорттау бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қытайға астық экспорттау бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Фото: freepik.com

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР Бас кеден басқармасының өкілдерімен қазақстандық кәсіпорындарға бірлескен инспекция жүргізу, бидай мен арпа бойынша Қазақстан өңірлерін кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеконференция барысында қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін инспекциялау және жаңарту, сондай-ақ астық жүктерін бақылау мен өткізуге қатысты жекелеген рәсімдік мәселелер қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыру және көтерілген мәселелерді жұмыс тәртібінде одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.

Бұған дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстанға астық экспорты күрт өскенін жаздық.