Қытайдағы әлем кубогына қатысатын боксшылар белгілі болды
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.
Ерлер
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санатәлі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Әйелдер
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
Бұған дейін елімізде мектеп күресін дамытуға бағытталған жүйелі жоба қолға алынғанын жаздық.