Қысқаметражды көркем фильм конкурсында екі жас автордың жобасы таңдалды

Қысқаметражды көркем фильм конкурсында екі жас автордың жобасы таңдалды
Фото: freepik.com

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы дебюттік қысқаметражды көркем фильмдер конкурсының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау нәтижесі бойынша өндіріс кезеңіне жіберу үшін екі жоба іріктелді:

– «Дом» – сценарий авторы әрі режиссері Тимур Хосчанов;

– «Күн қайдан шығады?» – сценарий авторы әрі режиссері Айша Сәлімгереева.

Министрліктің мәлімдеуінше, аталмыш байқау жас авторларды қолдауға және отандық кинематографиядағы жаңа есімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған.