25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылды

|
Photo: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылды

|
Photo: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Ош қаласында (Қырғыз Республикасының ірі әкімшілік орталықтарының бірі) Абай Құнанбайұлы атындағы көше, ескерткіш және музейдің салтанатты ашылу рәсімі өтті., деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында Аида Балаева қатысушыларға алғыс білдіріп, бұл бастаманың ерекше маңызына тоқталды.

«Биыл тамыз айында Бішкек қаласында ұлы қаламгерлер Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған композициялық ескерткіш ашылған болатын. Сол игі дәстүрді бүгін Ош жерінде Абайдың есімімен жалғастырып отырмыз. Сондықтан бүгін ашылып отырған ескерткіш, көше және музей – тек мәдени нысандар ғана емес. Бұл – екі елдің бауырластығын, рухани сабақтастығын және өзара құрметін көрсететін мәңгілік белгі, ұрпақты білім мен парасатқа жетелейтін ортақ құндылық екені сөзсіз», – деді министр.

Аида Балаева екі ел басшылары екіжақты қатынастарды дамытуға айрықша үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаевқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – II дәрежелі «Достық» ордені табысталды.

Министрдің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан мен Қырғызстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы жаңа серпінмен дамып келеді. Бірлескен көрмелер, театр гастрольдері, әдеби және жастар форумдары, зерттеушілер конференциялары өткізілуде. Сондай-ақ мәдениет мекемелерінің әріптестігі нығайып, ЮНЕСКО аясындағы бағдарламалар шеңберінде өзара қолдау күшейіп отыр.

Бұдан бөлек, жұмыс сапары барысында министр Қырғызстандағы ең ірі музейлердің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген «Сулайман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей-қорығына барды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗