Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 1 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Екі команда да турнир кестесінде төменгі орынның бірінде келе жатқан еді. Елордалық «Барыс» 27 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Сибирь» 21 ұпаймен 22-орында келеді.
Соған қарамастан бүгінгі кездесу барысында ресейлік хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Бірінші кезеңде олар қатарынан үш шайба соқса, оған қазақстандық команда екінші кезеңде бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде «Сибирь» тағы бір гол енгізіп, қорытынды есепті белгіледі.
«Сибирь» (Новосібір, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)
1:0 - Косолапов (Приски, Уилсон) - 14:40
2:0 - Неколенко (Кошелев, Приски) - 15:21
3:0 - Абрамов (Орлов, Уилсон) - 17:30
3:1 - Уиллман (Уолш) - 39:40
4:1 - Чехович (Кошелев) - 58:14
Қақпашылар: Красоткин - Бояркин
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл - команданың қатарынан төртінші жеңілісі.
Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 желтоқсанда Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездеседі.