Құрылтай сайлауы: елорда жастары ерекше стилімен көзге түсті

Бүгін, 15:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Құрылтай сайлауы: елорда жастары ерекше стилімен көзге түсті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін – Қазақстан халқы үшін тарихи күн. Ел азаматтары алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап, саяси партияларға дауыс беріп жатыр. Астанадағы №315 сайлау учаскесіне дауыс беруге келгендердің арасында өзіндік киім үлгісімен ерекшеленген жастар да болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Олардың қара түсті, готикаға жақын стилі көпшілікке танымал «Сумерки» (Twilight) фильміндегі кейіпкерлердің образын еске салды.  

Сайлау учаскесіндегі бұл көрініс жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуымен қатар, өздерінің жеке стилін де еркін көрсетіп жүргенін аңғартты.