Қуат Тілегенов: Конституцияның жаңа жобасындағы басты ұғымдардың бірі – әділеттілік
Бұл қағида тек сот пен саясатқа қатысты ғана емес, спорт саласына да тікелей байланысты. Өйткені спорт – қоғамдағы әділеттің айнасы. Мұндай пікірді Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Қуат Тілегенов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жаңа Конституциядағы басты ұғымдардың бірі – әділеттілік. Спорттағы әділдік принциптері тек ойын алаңында ғана емес, қоғамдағы жалпы моральдық және құқықтық тәртіпке де әсер етеді. Сондықтан Конституциядағы әділеттілік қағидасы тек қағаз бетінде қалмауы, күнделікті өмірде де жүзеге асуы қажет. Әділет – қоғамның дамуы мен тұрақтылығының басты кепілі. Сол себепті спорттағы және заңдағы әділдік қағидалары қатар дамуы тиіс», - деді спорт мектебінің басшысы Қуат Тілегенов.
Еске салсақ, жақында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланған болатын.