Биыл қазан айында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Нәтижесі қазақстандықтардың 81,1%-ы саяси курсқа қолдау білдіретінін әрі елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді екенін көрсеткен. Бұл туралы ҚСЗИ мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Әлеуметтік-демографиялық талдау көрсеткендей, ең жоғары әлеуметтік оптимизмнің деңгейі дәстүрлі түрде жастар арасында басым. 18–29 жас аралығындағы респонденттердің 85,5%-ы елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтындарын білдірген.
Ауыл тұрғындары елдің даму бағытын бағалауда неғұрлым оптимистік көзқарас танытты — олардың 84,3%-ы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өтті. Ал қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 79,1%-ды құрайды.
Жыныстық тұрғыдан алғанда, әлеуметтік оптимизм деңгейінде айтарлықтай айырмашылық байқалмайды: ерлердің 80,5%-ы және әйелдердің 81,7%-ы елдің даму бағытын оң бағалайтынын көрсеткен.