Қолөнершілерге арналған республикалық байқау жарияланды
Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Қазақстан ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Осы тарихи оқиға аясында Қазақстан Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» бірлесіп қолөнершілерге арналған республикалық байқау жариялайды.
«Егер Сіз ұлттық қолөнерді, заманауи дизайнды және шығармашылықты әлемге танытуға дайын болсаңыз, бұл – өз өнеріңізді халықаралық деңгейде көрсетуге берілген бірегей мүмкіндік», делінген хабарламада.
Жеңімпаздар:
* #Astana2027 ресми дүкендерінде өз өнімдерін ұсыну;
* халықаралық делегациялар мен серіктестерге арналған ресми сыйлық өнімдерін жеткізуші болу;
* #Astana2027 ресми ақпараттық ресурстарында кеңінен насихатталу;
* Official Artisan Partner Astana 2027 мәртебесіне ие болу мүмкіндігіне ие болады.

Қалай қатысуға болады?
31 тамызға дейін info@astana2027.kz электронды поштасына өзіңіз туралы қысқаша ақпарат пен жұмыстарыңыздың суретін жолдау қажет. Жауап ретінде байқау ережесі мен қатысу шарттары жіберіледі.