Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы қазақстандықтарды қажылық сапарына апаратын әуе компанияларының тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқауға қазақстандық Air Astana және Scat, сондай-ақ саудиялық Flyadeal және Flynas, түркиялық Turkish Airlines, кувейттік Jazeera, БАӘ Air Arabia әуе компаниялары тиісті құжаттарын өткізсе, солардың ішінде Air Astana мен Scat, саудиялық Flyadeal және кувейттік Jazeera әуе компанияларына таңдау жасалған.
«Қажыларымыз Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Жидда (Мекке маңындағы қала) және Медина қалаларына 12.05.2026 – 20.05.2026 жыл мерзімі аралығында жеткізіліп, 01-10.06.2026 жыл мерзімі аралығында елге қайтады деп жоспарлануда», – делінген ҚМДБ хабарламасында.