«Қазпошта» АҚ ұжымы және МИБ төрағаларына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Қазпошта» АҚ ұжымымен және «Нұра» ауданының МИБ төрағаларымен кездесті. Сондай-ақ іс-шараға ZOOM онлайн-платформасы арқылы еліміздің әр аймағынан «Қазпошта» ұйымның жас қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен олардың қоғам үшін практикалық мәні туралы толық түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, ашық диалог форматында пікір алмасты. Спикер ретінде Астана қаласы Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм сөз сөйледі.

Сонымен қатар жас азаматтарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту мәселесі туралы айтылды. Спикер жүргізіліп жатқан реформалар қоғам өміріне қатысуға жаңа құралдар беретінін, мемлекеттік шешімдерге әсер етуге мүмкіндік туғызатынын және жастардың бастамашылдығын қолдайтынын атап өтті. Әртүрлі бағдарламалар мен жобалар арқылы елімізде өзгерістерді сәтті жүзеге асыра алатын жаңа көшбасшылар ұрпағы қалыптасуда.
Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға жобаны мазмұнды түсіндіргені үшін алғыс айтып, азаматтардың елдің болашағын қалыптастыруға, оның тұрақтылығы мен орнықтылығын қолдауға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.