Қазақстанның Молдовадағы елшілігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін, 11:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанның Молдовадағы елшілігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды
Фото: Қазақстанның Молдовадағы елшілігі

ҚР Молдова Республикасындағы елшісі Алмат Айдарбеков МР Парламентінің депутаты, ҚР Достық тобының төрағасы Илье Ионашпен, сондай-ақ бірқатар парламент депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны аталған лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қатынастардың достық сипатын атап өтті.

А.Айдарбеков мемлекеттер арасындағы саяси диалогты нығайтудың, өзара түсіністік пен сенімді арттырудың маңызды құралдарының бірі ретінде парламентаралық байланыстардың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ Қазақстандағы негізгі экономикалық және саяси қайта құрулар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта негізгі заңға түзетулер дайындау мақсатында Конституциялық комиссия құрылғаны атап өтілді. Ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттің дамуының қазіргі кезеңінің талаптарына, қоғамдық сұраныстарға және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың ұзақ мерзімді міндеттеріне сәйкес келетін заманауи конституциялық үлгіні қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде, И.Ионаш пікір алмасудың конструктивті сипаты үшін алғыс білдіріп, Молдова тарапының парламентаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға мүдделілігін растады. Сондай-ақ барлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге ашық екендігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.