Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады

19 наурыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері кемелерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери-теңіз күштерінің күш-құралдары жедел режимді қамтамасыз ету шараларын орындау аудандарына жіберілді.

– Теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелеріне жіті назар аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.

Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштеріне қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын орындады.

Аталмыш оқу-жаттығу командирлердің күш-құралдарды басқарудағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Маневрлер барысында бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеді.

Еске сала кетейік, бүгін әскери гарнизондарда ағаш егу акциясы өткізілді.