Қазақстандықтар үшін МӘМС-тегі мәртебесі туралы ақпаратты алу оңайлайды
Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы ақпарат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы өзгереді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің түсіндіруінше, жоба мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге және сақтандыру мәртебесі мен төленген жарналар мен аударымдар туралы мәліметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл мемлекеттік қызмет азаматтарға МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесі, сақтандырылған кезеңі, сондай-ақ төленген жарналар мен аударымдар туралы нақты ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.
Қызметті электрондық форматта eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға жеке жүгінбей-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта сақтандыру мәртебесін және төленген жарналар туралы мәліметті тексеруге мүмкіндік береді.
Бүгінде 17,5 млн азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысады.
Еске сала кетсек, елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы төмендеді.