Референдум-2026

Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде топ жарды

Бүгін, 13:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде топ жарды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түссе, Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

Бұған дейін Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанғанын жаздық.