Қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Кореядағы Гран-приде бақ сынайды

Бүгін, 21:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Кореядағы Гран-приде бақ сынайды
Фото: olympic.kz

1 мамырда Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) семсерлесуден Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап. 

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы бақ сынайды.

Инчхондағы турнирде ел намысын Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев және Артем Саркисян қорғайды.

Айта кетейік, Гран-при жарысы 3 мамырға дейін жалғасады.