Қазақстанда мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізіліп жатыр
Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда мемлекеттік аппаратты ауқымды цифрлық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол елімізде мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жасанды интеллект көмегімен функционалды талдау жүзеге асырылады.
«Қаржы министрлігі функцияларды іске асыруға жұмсалатын шығыстардың тиімділігін талдайды. Ұлттық экономика министрлігі _ функцияларды оңтайландыруды және индикаторларға қол жеткізуді ескере отырып, оларға басымдық беруді жүргізеді», - деді Ростистлав Коняшкин.
Сондай-ақ Qaztech платформасында мемлекеттік функцияларды реинжиниринг және цифрландыру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде шығындарды оңтайландыру, сандық тиімділік мониторингі, қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы артады.
Еске сала кетсек, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру бүкіл мемлекеттік аппаратқа стратегиялық нақты міндет жүктеп отырғанын мәлім еткен еді.