Қазақстанда 303 ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр

Қазақстанда 303 ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр
Фото: АШМ

Білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту шеңберінде қазір Қазақстанда 303 ғылыми зертхана, 62 коммерцияландыру орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министр елімізде ғылымды қаржыландыру ұлғайтылғанын, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін салық ынталандырулары енгізілгенін, сондай-ақ алғаш рет эндаумент-қор құрылып, оған 2 млрд теңге тартылғанын, әрі қарай оның капиталын кезең-кезеңімен 10 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда екенін атап өтті.

«Бұл тұста экожүйенің өз алдына оқшау емес, Astana Hub және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы қалыптасып жатқаны ерекше маңызды. Бұл ғылымды, стартаптарды, технологиялық командаларды және даму инфрақұрылымын біріктіретін бірыңғай контурды қалыптастырады», - деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетсек, қазақ ғалымдары диабеттің алдын алатын биологиялық белсенді қоспа әзірледі.