Қазақстан жастары Тәжікстандағы халықаралық форумға қатысты

Бүгін, 20:51
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан жастары Тәжікстандағы халықаралық форумға қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Тәжікстанда өткен жастар форумына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Халықаралық алаңда цифрландыру, жаңа технологиялар, климаттың өзгеруі және жастар кәсіпкерлігі мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар жастар саясатының негізгі бағыттары мен өзекті міндеттеріне назар аударды.

Сондай-ақ, қазақстандық белсенді жастар Тәжікстанның түрлі өңірлерінде ұйымдастырылған Navruz World Youth Festival II дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты.

Фестивальдің басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайту, Наурыз мерекесін жаңару мен достықтың символы ретінде дәріптеу, сондай-ақ білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология бағыттары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету.

Бағдарлама аясында Наурыз мерекесіне орай түрлі мәдени және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.