Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

Бүгін, 12:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ерлер құрамасы өз тобында үш кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне тікелей шықты.

Ал әйелдер құрамасы топтық кезеңде екінші орын алды. Кейін өтпелі кезеңдегі матчта Бельгияны 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына енді.

Бүгін әлем чемпионатының 1/8 финалының жолдамасы сарапқа салынатын матчтар өтеді.

Қазақстанның ерлер құрамасы Испаниямен кездессе, әйелдер құрамасы Швецияға қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды.