19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық перспективалары талқыланды

|
Photo: Қорғаныс министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық перспективалары талқыланды

|
Photo: Қорғаныс министрлігінен

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады.

Сапар «Анытқабыр» мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Осыдан кейін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы мен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер арасында келіссөздер өтті. Тараптар өзара мүдделі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Бұдан өзге, Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесу өтті.

Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗