19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Корея су саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

|
Photo: Су ресустары және ирригация министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Корея су саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

|
Photo: Су ресустары және ирригация министрлігі

Қазақстан мен Корея жасанды интеллектіні пайдалана отырып, су тасқынын болжау және алдын алу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea International Water Week халықаралық форумы өтті. Іс-шара барысында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов пен Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта вице-министрі Кум Хан Сын жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, су тасқынын болжау және алдын алу саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат су тасқыны қаупін бағалау үшін жасанды интеллектіні қолданатын заманауи мониторинг жүйелерін құру және цифрлық платформаларды енгізу бағытында екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Болжамдардың дәлдігін арттыру, ықтимал қауіпті гидрологиялық жағдайларды уақытылы анықтау және ден қою механизмдерін жетілдіру үшін жасанды интеллект алгоритмдерін бірлесіп әзірлеуге және бейімдеуге ерекше назар аударылады.

Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сарапшылармен және озық технологиялармен алмасу, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың ұлттық жүйелеріне инновациялық шешімдерді практикалық тұрғыда енгізуге жағдай жасау жөнінде келісімге келді.

«Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығы саласына жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін атап өтті. Оңтүстік Корея су тасқынын болжау мен модельдеу бойынша ауқымды тәжірибеге және озық технологияларға ие. Бүгін қол қойылған меморандум – Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларының тиімділігін арттыруға және су шаруашылығы саласын кеңінен цифрландыруға жасалған кезекті қадам», -деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.


Сондай-ақ вице-министрдің Корея Республикасының Су ресурстары корпорациясы (K-Water) өкілдерімен ресми кездесуі өтті. Онда алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Биыл Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» РМК K-Water корпорациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын еске сала кетейік.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗