ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бразилияның Сан-Паулу қаласында «Summit Agenda SP+ verde» экологиялық конгресіне қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конгрессті Сан-Паулу штатының үкіметі COP30 конференциясы қарсаңында Сан-Паулу қаласының мэриясы мен Сан-Паулу университетінің (USP) қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Ерлан Нысанбаев пен Қоршаған орта, инфрақұрылым және логистика мәселелері жөніндегі хатшысы Наталья Резендемен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесуде қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілік және метан шығарындыларын азайту саласындағы ынтымақтастық туралы келісті. Н.Резенде 2026 жылдың сәуірінде Қазақстандағы өңірлік экологиялық саммитке шақырылды. Астанадағы саммит көрмесінде бразилиялық компанияларды ұсынуға қызығушылық білдірді.