Қазақ ғалымдары жүрек аурулары мен қант диабетінің алдын алатын таңғы ас ойлап тапты

Қазақ ғалымдары жүрек аурулары мен қант диабетінің алдын алатын таңғы ас ойлап тапты
Фото: АШМ

Қазақстан ғалымдары семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға арналған диеталық таңғы ас әзірледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми зерттеу институтының құрғақ асы функционалды әрі диеталық өнімдер сегментінде импортты алмастыруға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, көптеген адамның тамақ мәзірі рафинадталған көмірсуға бай. Ал тағамдық талшықтар, витаминдер мен минералдық заттар тапшы. Бұл проблема әсіресе құрғақ таңғы ас кезінде айқын көрінеді. Өйткені нарықтың негізгі бөлігі қант мөлшері жоғары және биологиялық құндылығы төмен импорттық өнімдерге тиесілі.

Таңғы астың нарықтағы баламалардан айырмашылығы, көмірсу алмасуын қалыпқа келтіруге, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және дене салмағын бақылауға септігін тигізеді.

Бүгінгі күнге дейін өнімнің дайындалу тәсілі мен өндіріс технологиясы әзірленді. Таңғы асты нарыққа шығару келер жылға жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Қазгидромет ауа райы болжамын жоғары дәлдікпен суперкомпьютерде есептейтінін хабарладық.

Ұқсас жаңалықтар