Түзеу мекемелері сотталғандарға арналған заманауи терминалдармен жабдықталады

6 қаңтар, 2026
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Түзеу мекемелері сотталғандарға арналған заманауи терминалдармен жабдықталады
Фото: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның өңірлердегі өкілдері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жүргізілген мониторингтік барулар барысында сотталғандардың өтініштерін жолдауға арналған электрондық терминалдардың тиісінше жұмыс істемейтіні жөніндегі фактілерді анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тиісті ұсынымдар Қазақстан Республикасының Бас прокурорына жолданды.

Өз кезегінде Бас прокуратура терминалдардың физикалық және моральдық тұрғыдан тозуын ескере отырып, олардың жұмыс істеуінде мәселелер бар екенін растады.

Жоғары қадағалау органы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін кеңейтілген функционалы бар заманауи терминалдармен қайта жарақтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Жаңа құрылғылар сотталғандарға FaceID технологиясын пайдалана отырып мемлекеттік органдарға өтініштер, шағымдар мен өтінімдер жолдауға, сондай-ақ бейнеқоңыраулар арқылы туыстарымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Терминалды сынақтан өткізу Атбасар қаласындағы №1 мекемеде жүргізілуде.

Терминалдарды пайдалану арқылы сотталғандар мемлекеттік органдарға өтініштер мен арыздар жолдау, сондай-ақ сотқа гуманистік актілерді қолдану туралы өтінішхаттар беру құқығын жүзеге асырады.