Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті
Фото: Мәдениет және ақпарат миинстрлігі

Қатар мемлекетінде Қазақстан Республикасының мәдениет күндері мәресіне жетті , деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат миинстрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары еліміздің мәдени мұрасы, дәстүрлері мен заманауи өнерімен танысуға мүмкіндік алды.

Негізгі іс-шаралар Дарб әл-Сағи мәдени-тарихи орталығында өтті. Мұнда сәнді-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық әрі заманауи дизайнерлік жұмыстар, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық музейінің экспозициясы ұсынылды.

Бағдарлама барысында ұлттық дәстүрі мен спорт түрлері көрсетілді. Оның ішінде шетелдік көрермен садақ ату, құсбегілік және қазақтың тазы итімен аңшылық өнерімен, көшпелі өркениет мәдениетімен тереңірек танысты.

Алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күндерін өткізу жоспарланған.

Еске салсақ, «Қазақконцерт» ұжымы Конституцияның жаңа жобасын талқылады.