Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.


Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды.