Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін қарсы алды

Бүгін, 12:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін қарсы алды
Фото: akorda.kz

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Еске сала кетейік, Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады.