Қасым-Жомарт Тоқаев Әсем Орынбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Бүгін, 21:28
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаев Әсем Орынбайды тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: olympic.kz

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров парақшасында жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді», делінген жазбада.

Еске салсақ, Әсем Орынбай стенд атудан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.