02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Qarzhy Saqshysy»: жасөспірімдер арасында республикалық компьютерлік ойын өтіп жатыр

|
Photo: ҚР ҚМА
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Qarzhy Saqshysy»: жасөспірімдер арасында республикалық компьютерлік ойын өтіп жатыр

|
Photo: ҚР ҚМА

1-15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» ұлттық нарративі аясында жастардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және заманауи қатерлерден қорғауға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны бастау алды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойынды AML Academy Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірледі.

Жоба жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық түрлері туралы білімін нығайтуға бағытталған. Онда қаржылық пирамидалар, дропперлік, фишинг және цифрлық гигиена сияқты кең таралған тәуекелдер қамтылған. Мұндай қауіптер жастарды жиі мазалайтындықтан, тек профилактика емес, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлыққа үйрететін практикалық білім де ерекше маңызды.

«Qarzhy Saqshysy» форматы – интерактивті тапсырмалар, шағын жағдайлар және 10-11-сынып оқушылары мен колледж студенттеріне бейімделген қаржылық қауіпсіздікке арналған сұрақтар. Бұл ойын түріндегі тәсіл қаржылық қауіпсіздіктің негізгі дағдыларын тиімді меңгеруге және цифрлық кеңістікте шешім қабылдау кезінде сыни ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жоба жасөспірімдердің қаржылық қауіпсіздік негіздерін игеруі мен цифрлық ортада жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің превенция және аналитикалық әзірлемелер департаменті басшысының орынбасары Андрей Давыдовтың дипфейк туралы айтқанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗