«Қайрат» елордада «Брюгге» командасына есе жіберді

20 қаңтар, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
«Қайрат» елордада «Брюгге» командасына есе жіберді
Фото: prosports.kz

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жетінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездесті.

Биылғы турнирде командалар жанкүйер сенімін ақтай алмай келеді. Алматылық клуб қазірге дейін алты кездесудің бесеуінде жеңілістің ащы дәмін татып, біреуінде тең нәтижеге қанағат білдірді.

Алғашқы минуттан бірден шабуылға көшкен қарсыластар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен бельгиялық команданың есеп ашатын мүмкіндігі көбірек байқалды.

Ойынның 32-минутында «Брюгге» сапынан Александар Станкович мергендік танытса, Ханс Ванакен 38-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде қазақстандық команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Көп сәтте дәлдік жетіспей жатты. Есесіне өз қақпасына тағы екі гол жіберіп алды. Оны бельгиялық клуб сапынан Ромео Верман 74, Ромео Верман 84-минутта өзінің еншісіне жазды.

Ал «Қайрат» сапынан Әділет Садыбеков 92-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша, алматылық клуб қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Қазірге дейін «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.