Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады

Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.