Президент Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін, 18:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елдіміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

«Құрмет» орденімен

1. Өтелбаев Мағауия Мейірбекұлы – «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС гидротехнигі, Тараз қаласы

2. Сарбасов Бейсенбек Маханұлы – «Жылы бұлақ - Меркі» ЖШС аға шопаны, Жамбыл облысы;

үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

3. Байділдаев Марат Тайтеліұлы  – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері, Жамбыл облысы

4. Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханұлы – «Бурное сүт компаниясы» ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

5. Өтениязов Садуақас Әбдіназарұлы – «Talas Investment Company» ЖШС сорғы қондырғылары машинисі, Жамбыл облысының Талас ауданы

6. Пичиневский Андрей Анатольевич – «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС дәнекерлеушісі, Жамбыл облысы

7. Сағындықов Жұмабек – «Жасыл Ел Тараз» ЖШС учаске аула сыпырушысы

8. Сәтбаев Елубай – «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС автотиеуіш жүргізушісі, Тараз қаласы

9. Туранов Райм Мансурович – «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының слесары-жөндеушісі, Тараз қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

10. Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы – «Мерке ет комбинаты» ЖШС мал дәрігері, Жамбыл облысы

11. Голубцов Андрей Анатольевич – «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы

12. Жуковская Татьяна Александровна  – Ali-Ko Sut 2023» ЖШС бас технологі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

13. Қожамқұлов Нұрталап Қуантайұлы – «Рысбаева и Ко» ЖШС баспагері, Тараз қаласы

14. Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы – «Амир и Д» ЖШС технологі, Тараз қаласы