Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды
25 желтоқсан, 2025
Фото: Ақорда
Бұл туралы Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын.
Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет», - деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
13 тамыз, 2026
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
13 тамыз, 2026
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
13 тамыз, 2026
Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
12 тамыз, 2026
Президент бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады