Президент Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады
26 қараша, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Еліміздің Қарулы күштерінде бірқатар ауыс-түйістер болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Ұқсас жаңалықтар
1 наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
27 ақпан, 2026
АҚШ елшісі Бейбітшілік кеңесін ілгерілетуге атсалысқаны үшін Қазақстанға ризашылық білдірді
27 ақпан, 2026
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
25 ақпан, 2026
Михаил Шайдоров Мемлекет басшысына алғыс айтты