Президент: Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр
25 желтоқсан, 2025
Фото: Freepik.соm
Бұл туралы Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордaның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан қауіпсіз ел ретінде қалыптасуда. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр.
Екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы әңгімелестім, ол да заң мен тәртіп саясатын жүзеге асыруда, қылмысқа, тәртіпсіздікке жол бермейміз деді.
Осындай саясаттың нәтижесінде соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар едәуір азайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша көрсеткіштер де төмендеді», - деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
13 тамыз, 2026
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
13 тамыз, 2026
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
13 тамыз, 2026
Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
12 тамыз, 2026
Президент бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады