Президент өкімдерімен бірқатар шенеунік қызметінен босатылды

Президент өкімдерімен бірқатар шенеунік қызметінен босатылды
Фото: Ақорда

Президент өкімдерімен бірқатар шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан, Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан, Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.