Референдум-2026

Президент Марокко Королін Таққа отырған күнімен құттықтады

Бүгін, 10:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Марокко Королін Таққа отырған күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесті.