Президент Игорь Романовты ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Игорь Романовты ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: akorda.kz

Игорь Романов бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін наградталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметін басқарды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлескен болатын.