Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңесте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту мақсатында Үкімет тарапынан қолға алынған шаралар туралы, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады.

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.



