07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысымен және Ақ үй Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті

|
Photo: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысымен және Ақ үй Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті

|
Photo: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗